KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Оксфорд түлектерінің 10 пайызы жұмысқа орналаса алмай жүр

21.02.2012, 18:00 291


Оксфорд түлектерінің 10 пайызға жуығы жұмыс таба алмай жүр. Бұл туралы «Телеграф» газеті жақында Ұлыбританияның атақты жоғары оқу орны өткізген зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп жариялады.

Бұл Оксфорд университеті түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы жұртшылыққа мәлім болған алғашқы жағдай. Өздері туралы ақпарат берген 3,5 мың адамның 200-ден астамы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жарты жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін мәлім еткен.

Әсіресе тілдерді, ежелгі тарихты және классикалық археологияны оқып-үйренген түлектер қиыншылықтарға душар болуда, ал Оксфорд дипломы бар дәрігерлер, талдамашылар, консультанттар жоғары сұранысқа ие.

Біріккен Корольдікте қазір жұмыссыздық елдің еңбекке жарамды халқының 8 пайызын құрап отыр, ал елдің байырғы университетінде еңбеккке орналаса алмағандар 6 пайыз көлемінде болып отыр. Сондықтан да дипломды мамандардың лажсыздан даяшы немесе жарнама орналастырушы болған жағдайлары кездеседі.

Дегенмен ректорат бұл уақытша қиындық, Оксфордта білім алған адамдар бәрібір жұмыс табады деп санайды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив