KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Мұсылмандарға арналған ұялы телефон

20.02.2012, 18:00 125


Мұсылмандар үшін құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз тәртіпке көшетін және өзге де «ақылды» функциясы бар ұялы телефон шығарылды.

Enmac MQ710 сауда белгісін иемденген қалта телефонын Малайзияның жергілікті «Enmac» компаниясы құрастырыпты. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тіліндегі Құран мәтіні орналастырылды. Байланыс құралынан сондай-ақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін де табуға болады.
Онымен бірге, ұялы телефон мұсылмандар үшін аса қажетті бірнеше бағдарламамен қамтамасыз етілген. Мәселен, «Zakat Calculator» арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз.
Болашақта «Enmac» компаниясы мұсылмандарға арнап плеер, ноутбук, тағы да басқа құрылғыларды шығаруды ойластыруда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив