KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Швеция тұрғыны екі айдан бері нәр татпастан қар басып қалған автокөлігінің ішінде жатып тірі қалған

19.02.2012, 18:00 84


Швеция тұрғыны адам төзгісіз жағдайға төтеп берген ерекше қасиетімен елге танылды. 45 жасар швед екі айдан бері нәр татпастан жапан далада қар толығымен басып қалған автокөлігінің ішінде жатып тірі қалған. Сондай-ақ Швецияның солтүстік бөлігіндегі сол аймақтарда ауа температурасы соңғы күндері -30 градустан көтерілмей тұрған болатын.

Адам төзгісіз төтенше жағдайда азаматтың қалай тірі қалғаны әзірге белгісіз. Жақын маңдағы тасжолдан бір шақырымдай қашықтықта қар құрсауында қалып қойған оның автокөлігін қар тазалаушы көлікпен өтіп бара жатқан адамдар кенеттен байқап қалған. Олар оны қандайда бір белгісіз себептерге байланысты орман ортасында жиналмай қалып қойған көлік қалдығы деп ойлап қалса керек. Терезесінен сығалап, ішінен қатты азып-тозған, алайда тірі автокөлік иесін көргенде олар қатты шошып кеткен. Оқиға орнына дереу шақырылған шұғыл қызмет көрсетушілер аңыз адамның аузынан бір-екі сөз әрең үзіп алып, оны Умео қаласындағы Университет госпиталіне жөнелтті.

Ер азаматтың айтуына қарағанда, ол автокөлік ішінде 2 айдан бері жатқан көрінеді. Сол күннен бері нәр татпапты. Ол алақан жылуымен қар ерітіп ішуінің арқасында аман қалған. Дәрігерлердің пайымдауынша, табиғи қатаң жағдайда, көптеген орман жануарлары тәрізді, көлік жүргізушісі де ұзақ ұйқыда болуы ғажап емес.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив