KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Күршімде тағы бір машина мұз астына кетті

4.01.2019, 04:00 208

ШҚО-да үш ер адам мінген көлік мұз астына кетіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қайғылы оқиға Күршім ауданында болған. Үш азаматтың екеуі ғана көлік салонынан шығып, аман қалған.


– Үш ер адам «Сузуки» автокөлігімен Көкпекті ауданынан Күршімге жету үшін Бұқтырма су қоймасын басып өтпек болған. Бірақ жағадан 15 метрдей ұзағанда мұз ойылып, көлік батып кеткен. 1965 және 1973 жылғы екі балықшы аман қалды, алайда олардың 1959 жылғы жолдастары көліктен шығып үлгермеді, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.



Куәгерлер дереу құтқарушыларға хабар берген. Олар сол күні оқиға орнына жеткенімен, көлік ішінде қалған ер адамды алып шыға алмады. Өйткені қалың мұз көліктің есігін ашуға еш мүмкіндік бермеді дейді олар. Тек келесі күні ғана құтқарушылар мәйітті алып шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив