KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қоңыр әулие үңгірі

16.02.2012, 18:00 224


Шығыс – Абай, Шәкерім секілді ұлыларды бесігінде әлдилеген қасиеті өңір ғана емес, табиғаттың тылсым құдіретіне толы киелі мекен.

Сан ғасырлық тарихы бар табиғаттың өзі тудырған жәдігерлер, тарихи орындар аз емес аймақта. Бірақ олар жайлы білетінімізден білмейтініміз көп. Сондықтан газетіміздің бүгінгі нөмірінен бастап ашылған «Жаратылыс жұмбағы» атты жаңа айдарда осынау құндылықтар жайлы сыр шертетін боламыз. Сонымен, алғашқы «кейіпкеріміз» Шыңғыстаудағы Қоңырәулие үңгірі.

Ұлы Абай туған сар даланы бетке алып, Шыңғыстауды көктей өтіп, Шаған өзенін бойлай жүрсеңіз Ақтас тауының баурайында ашылған құпиясынан ашылмағаны көп Қоңырәулие үңгіріне жолығасыз.
Әлқисса, бұл үңгір жайлы ел арасында әңгіме көп.
Біреу айтады: осы үңгірге кезінде Қабанбай батыр қалмақтарды қуып тыққан дейді.
Біреу айтады: осы үңгірде қиыншылық кезеңде талай адам жан сақтаған дейді.
Біреу айтады: үңгір түбіндегі судың ерекше емдік қасиеті бар, ол жерге барған адам сауығады, сырқатынан айығады дейді.
Біреу айтады: Шыңғысханның сүйегі осы үңгірге жерленген дейді.
Аңызы қайсы, анығы қайсы? Оны дөп басып айту қиын. Анығы – бұл үңгірде әлі ешкім сырын ашпаған тылсым сырдың бар екені ақиқат.
Осыдан бірер жыл бұрын орыстың Сергей Афанасьев деген тарихшысы бұл үңгірде Шыңғысханның сүйегі жатуы мүмкін деген болжам айтып жалпақ жұртты бір дүрліктіргені бар. Абай ауданындағы Шыңғыстауды аралап, жер астындағы Қоңыр Әулие көлінде болып қайтқан ғалым өз болжамына жергілікті ақсақалдардың әңгімесін тірек етіп отыр. Көнекөздер Шыңғыстаудың биік төбелерінің бірінде Шыңғыс ханның ақ киізге отырғызылып хан сайланғанын айтыпты. Сондай-ақ, ақсақалдар Шыңғысханның мәйіті Еуразияның кіндігі саналатын Жидебайдың маңайында дегенге ғалымды бек сендіріпті. Кім біледі?
Үңгір жайлы ел арасындағы әңгімелердің бір парасы осындай. Бұл туралы Сіз не білесіз, оқырман!


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив