KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Қазақстанның барлық дерлік аумағын көлемді антициклон жабады - 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

13.02.2012, 18:00 125


Қазақстанның барлық дерлік аумағы 14 ақпан күні көлемді антициклонның ықпалында болады.

Республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігі атмосфералық аумақ ықпалында болып, сол арқылы тұрақсыз ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі, Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Маңғыстау облысында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Шардара су қоймасына 14-15 ақпан күндері 1400 м3/с шамасында су құйылуы мүмкін.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив