KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ЗАТОНҒА ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ КЕРЕК

15.02.2012, 18:00 116


Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің ел алдындағы есеп беру жұмысы ақпанның алғашқы күндерінде басталған. Шаһар аумағындағы 16 ауылдық округ пен кенттер әкімдерінің есеп беруін тыңдап, өз жоспарларымен бөліскен қала басшысы күні кеше Семей жұртшылығымен кездесті.

Есеп беру қала бойынша үш секторға бөлініп жүргізілмек. Соның бірі қаланың солтүстік-батыс секторы. Оған Затон аймағы Қаржаубайұлы көшесінен бастап Красный Кордонға дейінгі және Красный Кордоннан Контрольный кентіне дейінгі көшелер жатады. Екінші, үшінші секторлар орталықта - қалалық Мәдениет үйі (15-і күні сағат 16.00-де) мен сол жағалауда Қалалық офицерлер үйінде (17-і күні сағат11.00-де) өтпек.
Былғары-мех зауытының Мәдениет үйіне жиналған жұрт алдындағы жиынды қалалық мәслихат хатшысы Жағыпарбек Елубаев жүргізді. Мұнда затондықтармен қоса, түрлі мекемелердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала өкілдері, ПИК төрағалары, ардагерлер келді. Қала әкімі А. Кәрімов қызметіне кіріскен бір жыл ішінде қалада түрлі өзгерістер орын алып, жаңа серпін пайда болды. Көше, жол, жарық, жылу мәселелері оң шешімін тауып, бірқатар жаңа кәсіпорындар ашылды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Десе де, осы жиында жұрт тарапынан Затон аумағында қазақ мектептерінің қатары жетіспейтіндігі де сөз болды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив