KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қазақстанның туберкулез диспансерлері амнистияға ілінген сырқаттарды қабылдауға дайындық үстінде

12.02.2012, 18:00 137


Денсаулық сақтау министрлігінде рақымшылықпен босатылған, туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы ұйымдардың қабылдауға дайындығы мәселесі талқыланды, деп хабарлады республика денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР ІІМ-мен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын белсенді туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды диспансерлік есепке алу, емдеу және бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады.


Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде бас бостандығынан айыру орындарынан Оңтүстік Қазақстан облысында туберкулезбен ауыратын жеті науқас және Солтүстік Қазақстан облысында сегіз науқас бостандыққа шықты.


«Барлық өңірлерде облыстық комиссиялар құрылды, рақымшылық бойынша босатылған туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуді азаматтық сектор станционарларында жалғастыру бойынша бірлескен іс-қимыл шараларының жоспары жасалды», - делінген таратылған хабарламада.


Туберкулезге қарсы ұйымдарда рақымшылықпен босатылған науқастарды қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі жауапты адамдар тағайындалды, автокөлік бөлінді, рақымшылықпен босатылғандарды қабылдау және жеткізу үшін медицина қызметкерлерінің бригадалары құрылды, оларды ауруханаға жатқызу үшін қосымша төсектер бөлінді, туберкулезге қарсы препараттардың жеткілікті қоры жасалды.

Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив