KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қазақстан шенеуніктері «Шевролет» пен «Шкода» міне бастады

7.02.2012, 18:00 148


Облыс пен аудан бюджеттері арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылары қызмет көлігі үшін Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді пайдалана бастады.

Мысалы, облыс әкімі Қ.Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша жергілікті басшылар өткен 2010-2011 жылдары «Азия Авто» АҚ кәсіпорны шығарған «Chevrolet», «Skoda», «KIA» және «ВАЗ» автокөліктерін сатып алған. Атап айтсақ, екі жылда осындай 46 жаңа көлік әкелінген. Көліктердің бағасы 1,2 және 5, 596 миллион тең­генің арасындағы соманы құрайды.

Облыс басшылығы елімізде құрастырылатын жеңіл автокөліктерді пайдалану үдерісін алдағы уақытта да жалғастыра беретін болады.

Мәлiметтiң көзi: Егемен Қазақстан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив