KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Жаңа толқын» бұдан былай Юрмалада өтпейтін болды

7.02.2012, 18:00 187


Халықаралық «Жаңа толқын» танымал әуендерді жас орындаушылардың байқауы бұдан былай Юрмалада өтпейді. Бұл туралы бүгін жергілікті «Час» газетіне фестивалдің әділ-қазылар алқасының тең төрағасы Игорь Крутой хабарлады.

«Біздің Юрмала қалалық думасы басшылығымен «Жаңа толқынды» ұйымдастырушы ретінде ынтымақтастығымыз үзілді. Мен алдағы уақытта Халықаралық байқауды Юрмалада өткізудің еш мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Сондықтан таяу уақытта біз әлемнің басқа қаласын қарастырамыз, оның ішінде байқауды одан әрі өткізуге кандидат ретінде Латвия астанасы Рига да бар», деп ИТАР-ТАСС маэстроның сөзінен үзінді келтіреді.

Таяуда фестивалдің әділ-қазылар алқасының екінші тең төрағасы Раймонд Паулс те музыкалық фестиваль бұдан былай Юрмалада өтпейтінін мәлімдеді.

«Олар («Жаңа толқынның» ұйымдастырушылары) латвия тарапымен ортақ тіл табыса алмады», - деді композитор.

BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив