KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО-да Риддер-Барнаул теміржол маршруты қайта жанданатын болды

6.02.2012, 18:00 225


Риддер мен Барнаулды байланыстыратын теміржол маршрутының әлеуметтік маңыздылығына байланысты, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ басшылығы 27 мамырдан бастап №391/392 «Барнаул - Лениногорск» жолаушылар поезының қозғалысын қайта қалпына келтіруге келісті, деп хабарлайды Риддер әкімдігіне сілтеме жасаған КазТАГ.

«Риддер мәслихатына «Жолаушы тасымалдау» АҚ басшылығынан көптеген қала тұрғындарының сұранысына орай, Қазақстан мен Ресей теміржолшылары келіссөздер жүргізіп, 27 мамырдан бастап «Барнаул - Лениногорск» поезының бұрынғы кестесін қайта қалпына келтіруді шешкені жайлы хат келіп түсті, - деді әкімдікте.

Риддер басшылығы, сондай-ақ қалалықтардың бастамашыл тобы Қазақстан Темір Жолына қыс мезгіліндегі жалғыз автокөлік жолының қауіптілігі мен қиындығы, Барнаулда оқитын риддерлік студенттердің көптігі, Топиха, Тарханка, Ульба Перевалочная ауылдарының тұрғындары үшін теміржол Риддерге жетудің жалғыз жолы екендігі жайлы бірнеше хат жолдаған.

Мәлiметтiң көзi: КазТАГ




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив