KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
471.83 505.66 5.4

Өскемен мен оның маңайындағы елді мекендерді қалың тұман басты

5.02.2012, 18:00 126


Желсіз күннің салдарынан қала мен ауылдар өндірістік шығарындылар мен автокөлік газынан құралған зиянды тұманның қоршауында қалды. Мұндай күндерді қолайсыз метеожағдай деп атайтын Төтенше жағдайлар қызметі қалалықтарға терезелерін жауып, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес береді. Бұл зиянды тұманды мамандар екінші деңгейлі деп отыр (барлығы үш деңгей).

Ауадағы фенол, формальдегид, азот диоксиді сияқты зиянды газдардың концентрациясы тиісті мөлшерден асып кеткен. Мұндай ауа райы ең алдымен аллергиктерге және жүрек ауруымен науқастанатындарға кері әсер етеді. Ал қалалықтардың екеуінің бірі хал-жағдайының нашарлағанын айтады.

Бұл жағдайға басты кінәлі – жергілікті ірі өнеркәсіп орындары. Солардың арқасында өңіріміз еліміздегі ең лас қалаға айналып отыр. Синоптиктер қалалықтардың денсаулықтарына нұқсан келтірмеу үшін бұл күндері кәсіпорындарға өндіріс қуатын азайтуды ескертеді. Бірақ зауыт-фабрикалар қалыпты режимнен ауытқымай, халықты улауды жалғастыра береді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив