KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, З
442.84 480.97 5

Өскеменде «Қарттарға құрмет» акциясы өрістеуде

5.03.2018, 09:46 223

«Ислам және отбасы» жылы аясында өңір бойынша «Қарттарға құрмет» атты апталық жарияланды деп хабарлайды ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі . Апталық аясында «Зере Ана» қайырымдылық қоры облыс орталығында орналасқан «Солнечный» кентіндегі «Қарттар үйіне» арнайы барып іс-шара өткізді.


Шара барысында қор атынан қарияларға сый-сыяпаттар жасап, ойын-сауық ташалатты. Бір сәт болса да қарттар көңілденіп, қызықты әсерге бөленді.


ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Зере Ана» қайырымдылық қорының төрайымы Талшын Қожахметова:


- Біз Қарттар үйіне қоғамның, ортаның жылуын әкеліп, осындай шара жасап отырмыз. Дінімізде қарияларға құрмет көрсету сауапты істердің қатарында. Бүгінгі таңда адамдарға мейірімділік пен қайырымдылық көрсетудің маңызы айырықша. Құрмет көрсету-ізгілікке жетелейді,- деп атап өтті.


«Қарттар үйінің» басшылығы осындай игі істі ұйымдастырғаны үшін өкілдікке, «Зере Ана» қорына алғыс білдірді.


Апталық барысында сонымен қатар осындай шара Күршім ауданында да өтіп, аудандық мешіттен ақсақалды қарияларға құрмет көрсетіліп, аудан имамы Тілейбек қажы Соянұлы қарияның иығына шапан жапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив