KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Жұрт мерейі тасыған жыл болды

3.01.2012, 18:00 192


Уақыттан асқан жүйрік жоқ, сірә! Қоян жылының төрімізге қадам басқаны кеше ғана секілді еді. Енді, міне, көзді ашып-жұмғанша бұл жыл да түгесіліп, ғасырлар қойнауына мәңгілікке жылжып барады. 2011 жыл – адамзат үшін енді тарих. Шығысқазақстандықтар үшін де аталған жыл жарқын беттерімен бедерленіп қалмақ. Кеше облыс орталығындағы «Үлбі» орталық мәдениет сарайында облысымыздың жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын болып өтті.

Өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ. Бұл жылы да аймағымыздың бағы жанып, алдыңғы орыннан көрінді. Облыстың рухани, мәдени, экономикалық өмірінде жеткен жетістіктерді санасақ, саусағымыз жетпейді тіпті. Қабырғадағы үлкен экраннан көрсетілген жыл жылнамасы сөзіміздің айқын дәлелі. Әне, экранда Азиада алауы лапылдап тұр. Талай жүректерге от сыйлаған алаудың қасиетін қазір де сезінгендей боласыз. Жүрегіңізде елге, жерге деген сүйіспеншілік сезім гүлдеп сала береді. Қалай десек те Азиада алауының шығысқазақстандықтардың жадында жатталып қалғаны сөзсіз.

Биылғы жылдың шығысқазақстандықтар үшін жаман болмағанын өз сөзінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ерекше атап айтты.

– Міне, ыстығы мен суығы, қызығы мен қуанышы қатар жүрген Қоян жылының аяқталуына бір-екі ғана күн қалды. Бұл жыл аймақ халқы үшін жаман болған жоқ. Облыс экономикасы 11 пайызға өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Бар салада өрлеу бар, – деген облыс Әкімі мұның бәрі еліміздегі ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің арқасында мүмкін болғанын жеткізді. Сарапшылардың болжауынша, алдағы 2012 жыл барша әлем елдері үшін оңай жыл болайын деп тұрған жоқ. Ерінбей еңбек етсең ғана несібең мол болмақ. Экономикасы еңселі ел ғана кез келген дағдарысқа қарсы тұра алады. Алдағы жылы да атқаратын шаруа шаш етектен.

циялық бағдарламаларды жүзеге асырып, жоғары технологиялар аймағын дамыту қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп кешендерін көбейтіп, туризмнің алға басуына кең өріс ашу керек, – деген аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жиналған қауымды алда келе жатқан Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.

Осыдан кейін жыл қорытындысына арналған салтанатты жиынның марапаттау рәсімі де басталды. Иә, мақтансақ, ел байлығын еселеп жүрген еңбек майталмандарымен мақтанайық. Таңдаған кәсібінің нағыз шеберіне айналып, Отан игілігі жолында аянбай еңбек еткен жандар қандай марапатқа болсын лайық.

Ең алдымен сахнаға «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Бағдат Шаяхметов көтерілді. Облыс Әкімі оның кеудесіне «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін қадады. Мұндай медаль «Өскемен металлконструкциясы зауытының» директоры М.Лабуковқа да бұйырды. Осынау салтанатты жиында бірқатар азаматтар Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Олардың қатарында Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-гимназия интернатының мұғалімі Қ.Бітібаева, облыстық мәслихаттың хатшысы В.Ахаев, еңбек ардагері Н.Сем-баев, облыстық архитектура-этнографиялық табиғи ландшафтық қорық-мұражайының директоры Н.Зайцев және тағы басқалар бар. Сонымен қатар 2011 жылы өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар адамдар Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің «Ерекше еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне қадады.

Ән мен күйсіз салтанат салтанат па?! Марапаттау рәсімінен кейін-ақ сахнадан әсем саз төгіліп жүре берді. Семей қаласының облыстық мемлекеттік филармониясының ұлт аспаптар оркестрі орындауындағы «Көңілашар» күйі жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Бірінен соң бірі сахнаға көтерілген өнерлі ұрпаққа қарап отырып қиял құсы да шарықтады. Алда келе жатқан Ұлу жылының да үлгілі істерге толы болатынына сенгіміз келді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив