KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Қара жолдың азабы кетіріп тұр мазаны

25.12.2011, 18:00 242


Қазір басында баспанасы жоқ демесең, екінің бірінің астында ескі болса да автокөлік бар. Бір кездері жоқшылық пен тапшылықтан жалғыз велосипедке таласып өскен бір үйдің он ұлы бұл күнде бір-бір автокөліктің қожайыны. Өйткені, машина байлық емес, бар болғаны жүріп-тұру құралы.

Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы бастығының орынбасары П.Никифоровтың келтірген мәліметтеріне қарағанда ағымдағы жылдың тоғыз айында былтырғымен салыстырғанда, облыстағы жол-көлік апаты 1,9 пайызға азайған. 2010 жылдың тоғыз айында 682 жол-көлік апаты тіркеліп, соның салдарынан 144 адам жарық дүниемен қоштасса, 849 жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 13 жол апатына азайғанымен, қайтыс болғандар саны өткен жылдағыдай – 144, ал жарақат алғандар 805 адамға дейін, сәл де болса азайыпты.

Автокөлік техника болғандық-тан, кез келген уақытта сынып қалмайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды. Содан да болар, жүргізу-шілер арасында «машина – жүрсе көлік, жүрмесе өлік» деген мәтел де бар. Қаланың ішінде немесе үйдің маңында сынған автокөліктің жарасы жеңілдеу секілді. Ал қара жолдың бойында сағатына 130-140 шақырым жылдамдықпен ағып келе жатқан көліктің кенеттен жүру бөлігінің бір тетігі үзіліп немесе дөңгелегі атылып кетсе не болды? Ішіндегі адамдардың аман қаларына кім кепіл? Сондықтан жол инспекторларының көліктің техникалық тексеруден өткендігі жайлы анықтамаға шұқшиып жатулары тегін емес.

Тағы да статистикалық деректерге жүгініп көрелік. Соңғы он жылда еліміздегі автокөліктің саны 3 миллион 200 мыңнан асып түскен көрінеді. Ал бір ғана Өскемендегі көліктің саны осы күні 100 мыңның үстіне шыққан. Осы автокөліктердің басым көпшілігі шетелдерден әкелінген. Зауыттан шыққандарына 10-15 жыл, әйтпесе одан да көп уақыт болған. Сондықтан «озбайтын өмір, тозбайтын темір жоқ» дегендей, осыншама уақытқа дейін қандай мықты темір болса да, тозбай тұра ма? Ол аз десеңіз біздің көшелер мен тас жолдарымыздың сапасы қандай? Білуімізше, еліміздегі күре жолдар қарама-қарсы келе жатқан екі көліктің жүруіне ғана арналғандықтан, басым көпшілігінің ені бар болғаны 5 – 7 метр ғана. Оның өзі ойдым-ойдым ойылған, шұрық тесік болса, апат болмағанда қайтеді? Ал жол апаты кезінде опат болғандардың әрбір бесіншісі қарама-қарсы бағытқа шығып, әрбір төртіншісі жолдан аударылып кету салдарынан қаза табады екен.

Бір сөзбен айтқанда, еліміздегі автокөлік жолдарын жөнге келтіру де уақыт өткізбей қолға алатын өте өзекті мәселелердің бірі. Ең жоғары талапқа сай, сапалы көлік пайдалану жолдарына бірінші және екінші техникалық категориялы жолдар жататын көрінеді. Ал бірінші категориялы жолдар Шығыс Қазақстан облысы бойынша бар болғаны 10-ақ шақырым болса, екінші категориялы жолдар 360 шақырым екен. Өңіріміздегі жолдардың сапасын осыдан-ақ байқауға болады. Дегенмен, шығысқазақстандық жол жөндеу мекемелері де қол қусырып отырмаған секілді. Айталық, қазіргі уақытта облыс жолдарын халықаралық деңгейге жеткізу үшін «Омбы – Майқапшағай», «Таскес-кен – Бахты» және «Өскемен – Семей» бағыттарындағы жолдарға күр-делі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл жолдарымыз жоғарыда біз мысал келтірген көрші мемлекеттің жолдарындай болмаса да, соған жетеғабыл болса да қанағат дер едік. Лайым сондай жолдармен жүруге жазсын.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив