KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» 3:0 есебімен алда тұрып, жеңіліп қалды

23.12.2018, 16:30 156


«Торпедо» үш шайба айырмасымен жеңіп тұрып, жеңіліп қалды. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 38-ші турында өз айдынында тольяттилік «Ладаны» қабылдаған өскемендік ұжым қарсыласына 3:5 есебімен жол берді.


Айта кетейік, жерлестеріміз бұл кездесудегі барлық шайбасын бірінші кезеңде соғып тастады. Алдымен Максим Капитуров, артынша Талғат Жайлауов пен Евгений Рымарев көзге түсіп, есепті 3:0-ге жеткізді.


Өкінішке қарай, бұдан кейін шайбалар тек қана «Торпедо» қақпасына соғылды. Қазіргі уақытта 59 ұпаймен турнир кестесінің екінші орнында келе жатқан «Лада» матчтың екінші кезеңі бастала салысымен шындап іске кірісті. 29-шы минутта кездесудегі алғашқы шайбасын соққан қонақтар, үшінші жиырмаминуттықта айдын иелерінің қақпасынан тағы төрт рет саңылау тауып, аса сәтсіз басталған ойынды өз пайдаларына аяқтады.


Осы жеңілісінен кейін қоржынында 41 ұпайы бар өскемендік ұжым жарыс кестесінің 15-ші сатысына сырғыды. Келесі кездесуін жерлестеріміз 28 желтоқсан, жұма күні өз айдынында қарағандылық «Сарыарқамен» өткізбек. Бұл ойын кешкі сағат 18.30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив