KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» «Молот-Прикамьеден» басым түсті

18.09.2018, 06:28 187


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының бесінші турында өз айдынында Перьм қаласынан келген «Молот-Прикамье» командасын қабылдаған өскемендік «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осының арқасында жерлестеріміз турнирлік кестеде тағы төрт сатыға өрлеп, төртінші орынға жайғасты. Дегенмен, торпедолықтарға бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Өскемендік хоккейшілер ойынның алғашқы минуттарынан-ақ айтарлықтай басымдыққа ие болғанына қарамастан, бірінші шайбаны олар емес, қонақтар соқты. Нәтижелі соққы Анатолий Васильевтің еншісінде. Осыдан кейін қарсылас қақпасына шабуылдарын одан сайын үдете түскен торпедолықтар Николай Складниченконың көмегімен таразы басын теңестіріп қана қоймай, алға шығып кетті. Ал соңғы жиырмаминуттықта командалар тағы бір-бір мәрте көзге түсті («Торпедода» Евгений Рымаревтің қанжығасы майланды). Қорытынды есеп 3:2.


Бейсенбіде өскемендік ұжым өз айдынында нефтекамскілік «Торосты» қабылдайды. Бұл ойын кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив