KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Торпедо" кеше тағы жеңіліп қалды

15.11.2018, 09:11 217


«Торпедо» қонақтағы ойындар сериясын жеңіліспен аяқтады. Осыдан бірер күн бұрын Челябінің «Челметінен» 4:2 есебімен басым түскен өскемендік хоккейшілер бұл жолғы қарсыласының қақпасына бірде-бір шайба соға алмады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 26-шы турында Мисхат Фахрутдинов шәкірттері Қорған қаласында жергілікті «Зауральемен» кездескен болатын. Бұл ойындағы алғашқы кезең 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал үзілістен кейін бірден шабуылға лап қойған айдын иелері көп ұзамай есепте алға шықты. Бір қызығы, қорғандық команданың шайба соғуына бір ойыншысының айдыннан қуылуы да кедергі бола алмады.


Қалған уақытта «Торпедо» хоккейшілері қанша тырысқанымен, таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді. Өз кезегінде қорғаныста аса сауатты ойнаған «Зауралье» хоккейшілері матчтың соңғы минутында өскемендік команданың қақпасынан тағы бір рет саңылау тауып, кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 2:0, «Зауралье» пайдасына.


Әзірге қоржынында 27 ұпайы «Торпедо» турнир кестесінің 13-ші сатысында орналасуда. Жерлестеріміз келесі төрт ойынын өз айдынында өткізеді. Оның біріншісінде торпедолықтарға бейжіңдік «КРС-ОЭРДЖИ» хоккейшілері қарсылас атанбақ. Бұл ойын 19 қараша, дүйсенбі күні кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив