KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Шығыстан шыққан шахмат шебері Филиппиннен үш медаль әкелді

14.11.2018, 05:49 247


Шахматтан Филиппинде мәресіне жеткен IX Азия біріншілігінде жерлесіміз Алмагүл Чакеева бірден үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тагайтай қаласында өтіп, 10 күнге созылған додаға тоғыз елдің 50 мен 65 жастан жоғары әйелдер және ерлер құрамалары қатысқан-ды. Біріншілікте барысында қазақстандық шахматшылар айтарлықтай сәтті өнер көрсетіп, бес жүлдеге ие болды. Оның үшеуі Шығыс Қазақстан облысының өкіліне тиесілі. Осының алдында хабарлағанымыздай, жарыстың алғашқы күндерінде өскемендік Алмагүл Чакеева рапидтен (жылдам шахмат) өткен сайыста алтын медаль жеңіп алған болатын.


Ал доданың соңғы күндерінде жерлесіміз ел қоржынына тағы екі жүлде салды. Атап айтсақ, ол шахматтың блиц және классика деп аталатын түрлерінен өткен сайыстарда қос күміс жүлдеге қол жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив