KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Рязаньды» жеңу үшін буллиттер қажет болды

4.11.2018, 15:55 169


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 22-ші турында өз айдынында «Рязань» командасын қабылдаған өскемендік «Торпедо» 2:1 жеңіске жетті.


Рязаньдық хоккейшілерге қарсы ойында негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің 28-ші минутында қақпаларына шайба жіберіп алған торпедолықтар таразы басын негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда ғана теңестіре алды. Бұл ойын сәтінде Аркадий Шестаковтың пасын ұтымды пайдаланған Андрей Белозеров көзге түсті.


Қосымша уақытта қарсылас қақпасына оқтын-оқтын шабуыл ұйымдастырғанымен айдын иелері есепті өзгерте алмады. Тек буллиттер сериясында ғана дегендеріне жетті. Жеңіс шайбасын шабуылшы Николай Складниченко соқты. Есеп 2:1.


Осы жеңісінен кейін 23 ұпай жинаған «Торпедо» турнир кестесінің 15-ші сатысында орналасуда.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 8 қараша, бейсенбі күні сырт айдында өткізбек. Бұл матчта торпедолықтарға башқұртстандық «Горняк» командасы қарсылас атанады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив