KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Семейде табылған пробиркалардағы сұйықтық анықталды

2.11.2018, 08:24 138


Семей қалалық әкімдігі  Цемент зауыты аумағындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған пробиркаларға қатысты ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, Семей қаласының шет жағынан қанға ұқсас сұйықтығы бар пробиркалардың табылғаны туралы жазған едік.


Пробиркадағы сұйықтықтың қан екені зерттеу қорытындысы бойынша расталып отыр. Алайда биологиялық материал  қоюланып кеткендіктен, оның құрамын зертханада тексеру мүмкін емес.


Табылған шприц-пробиркалардың нақты саны - 1600 дана. Түгендеме нөмірі көрсетілмеген, тек реттік нөмірмен ғана белгіленіпті. Сол үшін пробиркалардың қай мекемеге тиесілі екені анықталмай отыр.


Қалалық ветеринария бөлімі мамандары барлық пробиркаларды арнайы контейнерге салып, Ветеринарлық зертханаға жеткізді. Онда биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған крематорда жойылды.


Ал пробиркалар табылған аумақта 25 шаршы метр жерге зарарсыздандырушы ерітіндімен дезинфекция жасалған екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив