KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семсерлесушілеріміз Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

23.10.2018, 11:16 186


Семсерлесуден Филиппин астанасы Манилада өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз тұғырдың ең биік сатысынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бір аптаға созылған дүбірлі додада ел намысын төрт шығысқазақстандық спортшы, атап айтсақ, Вадим Шарлаимов, Кирилл Павлов, Владислава Андреева мен Даяна Жақыпова қорғаған болатын. Семсерлесушілеріміз жекелей сында жүлдеге іліне алмаса да, командалық сайыстарда есе жібермеді. Мәселен, В.Андреева басқа облыстардың спортшыларымен бірге қыздар арасындағы командалық доданың қола жүлдесіне ие болды.


Ал жігіттеріміз бұдан да жоғары белесті бағындырды. Құрамында В.Шарлаимов пен К.Павлов бар Қазақстан құрамасының төрттігі жарыс финалына дейін іркілмей жетіп, ақтық сында фаворит саналған Оңтүстік Корея құрамасын сан соқтырып кетті. Қорытынды есеп 33:32.


Ел қоржынына бір алтын мен бір қола медальдің түсуіне септескен жерлестеріміз осылайша Шығыс семсерлесушілерінің республикада бәсі биік екенін кезекті рет дәлелдеп берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив