KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

20 желтоқсанға дейін ШҚО-да 500 полицей қысқартылады

19.10.2018, 04:19 62


ШҚО Ішкі істер департаментінде 500 полиция қызметіннен босатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шығыстың бас шаһарына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Дүйсембинов департамент және басқарма басшыларымен кездестіп, алдағы өзгерістерді талқылады.


– Әлемнің барлық елдерінде азаматтардың қауіпсіздігі – полицияның иығына артылған мемлекеттің басты міндеті болып саналады. Сол себепті де Елбасы жолдауында осы мәселені баса айтты, – дейді Б.Дүйсембинов.


ШҚО ІІД Президент жолдауына сәйкес ІІМ-ның талаптарымен барлық полиция учаскелерінің басшылығы ақпараттандырылғанын атап өтті.


– Жолдауда айтылған оңтайландыруға сәйкес, ШҚО ІІД-де 500 қызметкер қысқартылады, бұл жалпы санның 10 пайызы. Бірінші кезекте басқарма қызметтері мен аралас функцияларды атқаратын біріккен қызметтер қысқарады. Жергілікті тұрғындармен жұмыс істейтін қызметкерлер орнын сақтап қалады, – деді ШҚО ІІД штабының басшысы Дәулет Қасенов.


Департаменттегі оңтайландыру 15-20 желтоқсанға дейін аяқталады. Қысқартудан түскен қаржы есебінен өзге қызметкерлердің жалақысы көбеймек. Сондай-ақ жиын барысында қағазбастылықты азайту мәселесі көтеріліді. Енді құжаттамалар мен есептің тең жартысы қысқарады. Яғни тәртіп сақшыларының өз жұмыстарына көбірек көңіл бөле алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив