KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Дзюдошыларымыз Қызылордадан үш жүлде алып қайтты

9.10.2018, 10:33 147


Шығысқазақстандық жас татами шеберлері Қызылорда қаласында өткен белгілі қоғам қайраткері Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған халықаралық турнирден олжалы қайтты.


Аталмыш жарысқа 1999-2001 жылғы жас спортшылар қатысқанын айта кету керек. Бірнеше мемлекеттің дзюдошылары сынға түскен додада біздің жерлестер де жақсы қырынан көрініп, үш жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, жарыстың алғашқы күні татамиге шыққан «Семей» спорт академиясының тәрбиеленушісі Нұрбол Салық (55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) үздік үштікті түйіндесе, салмағы 73 келіден аспайтын спортшылар сайысында Думан Бұғылбаевтың шәкірті Айбар Мұқышев екінші орынға көтерілді.


Халықаралық турнирдің тағы бір қола жүлдесіне 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қуандық Стамполов ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив