KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» «Торосқа» жол берді

20.09.2018, 15:31 83


«Торпедо» «Торостан» айласын асыра алмады. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының алтыншы турында өз айдынында нефтекамскілік «Торосты» қабылдаған өскемендік команда қарсыласына қосымша уақытта 1:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жерлестеріміз үшін жаңа маусымдағы үшінші жеңіліс болып тұр. Осыған дейін Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері қонақта екі рет ұпай жоғалтқан-ды.


Ал «Торосқа» қарсы ойындағы торпедолықтардың жалғыз шайбасын команда капитаны Александр Шин соқты. Дегенмен бұл гол командағы бар болғаны бір-ақ ұпай әперді.


Осы жеңілісінен кейін қоржынында тоғыз ұпайы бар «Торпедо» турнир кестесінің екінші сатысына тұрақтады. Дегенмен өскемендік команда қарсыластарына қарағанда бір ойын артық өткізгенін ескерер болсақ, бұл жағдай алдағы күндері өзгеріп қалуы ғажап емес.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 22 қыркүйек, сенбі күні Өскеменде альметьевскілік «Нефтяникке» қарсы өткізеді. Бұл матч кешкі сағат 17.00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив