Головкин мен Канелоның келесі жекпе-жегі Мәскеуде өтуі мүмкін
Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегін Мәскеуде ұйымдастыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Головкин бұл жеңілістен кейін карьерасын аяқтамауы тиіс. Байқасаңыздар, ол бабында. Тағы бір қарымта жекпе-жек Мәскеуде өтсе, қуанышты болар едік. Оны ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз, – деді Кремлев.
Оқи отырыңыз