ШҚО аударыспақ құрамасының басым бөлігі жармалық жігіттер
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы «Қазанат» атшабарында «Ұлы дала рухы» фестивалінінің ақтық ойындары өтті.
ШҚО аударыспақшылары барлық қарсыластарынан басым түсіп, екінші кезең финалдық ойындарда 3 орынды иеленіп, 400 000 теңге және грамоталармен марапатталды.
Жарыс жоғарғы дәрежеде өтіп, көрермендерге қызықты бәсекелер сыйлады.
Айтып кетер жайт ШҚО құрамына қатысып жүрген 5 (бес) спортшы Жарма жеріндегі жерлестеріміз: Сапанов Мадияр Айдынұлы (Қапай батыр ауылы), Қанафин Асхат Қайратұлы (Қапай батыр ауылы), Зарепқанов Алтынбек Адельханұлы (Ортабұлақ ауылы), Жұмабеков Нұрасыл Думанович (Бақыршық кенті), Тілеухан Нұртас Советханұлы (Жаңғызтөбе кенті). Бапкерлері Бейсенбаев Дархан Советкалиевич.