Жармадағы кен өндіруші кәсіпорын ұлттық ойындарға демеушілік етіп келеді
Жарма ауданының Әуезов кентінде ат спортынан жарыстар өтті. «Қазақша күрес», «Көкпар», «Аударыспақ» сынды қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.
Ойынға қатысу үшін Шар қаласы, Қалбатау, Қапай батыр, Бірлік, Шалабай ауылдарының азаматтары арнайы келді.
Жоғарыда аталған екі ойын қорытындыларына сәйкес «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің демеушілігімен І орын - 15 000 теңге, ІІ орын - 10 000 теңге, ІІІ орын иегерлеріне 5 000 теңге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
«Көкпар» ойынында өздерінің мықтылығын көрсетіп, Қапай батыр командасы І орын алып, 30 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. ІІ орын өзіміздің Әуезов кентінің командасына және ІІІ орын Шалабай мен Әуезов кентінің азаматтарынан құрылған командаға бұйырып, сәйкесінше 20 000 және 15 000 теңге ақшалай сыйлықтар табысталды.