KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Грузияда шет елдерге сату үшін есірткі өсіруге рұқсат етілді

13.09.2018, 05:19 52


Грузия билігі марихуана өсіріп, шет елдерге экспорттау үшін заң жобасын даярлады. Оған қоса, бұл елдің Конституциялық соты 30 шілде күні марихуана пайдаланғандарға белгіленетін арнайы жазаны алып тастаған болатын. Бұрын оларға 500 лари, яғни 700 мың теңге шамасында айып салынатын еді.


Иә, марихуанаға қатысты арнайы заң жобасында бұл есірткі түрінің косметикалық құралдар мен фармацевтикада қолданылуы үшін өндірілетіндігі айтылған. Бұл іспен лицензиясы бар өндіріс орындары ғана айналысады. Оны мектепте, қоғамдық орындарда қолдануға болмайды. Сондай-ақ белгілі бір кәсіп иелеріне де пайдалануға тыйым салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив