Арнайы жарықпен екі бөлмеде марихуана өсіріп келген – Өскемен (ВИДЕО)
Қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына Өскемен қаласы тұрғының қатысы барын анықтаған.
Оның тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде жедел уәкілдер «марихуана» өсіріп көбейтуге арналған сырт көзден таса орналасқан есірткі зертханасын тапты. Ыдыстағы есірткі өсімдіктері белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталатын екі қосалқы бөлмеде өсірілген.
- Тінту кезінде 154 түп «марихуананы» анықталды, есірткі затының жалпы салмағы 19 кг құрайды, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. - Соттың санкциясымен қамауға алынған 40 жастағы күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сараланады, оның санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.