KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Қысқы доңғалақ ауыстыру қанша тұрады?

25.10.2018, 04:47 197



Күз орта шенінен асты. Яғни жазғы доңғалақ жинағын қысқы доңғалаққа ауыстыру туралы ойланатын кез де келді. Қазіргі уақытта шиномонтаж маусымы бұрынғыдан қымбат болмаса, арзан емес. Сондай-ақ, әр қаладағы қызмет құнында айырмашылық байқалады. Арнайы жүргізушілер үшін Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


Шиномантаж бағасы арзан қалалардың қатарына Атырау, Тараз, Талдықорған, Семей және Шымкент кіріп отыр. Десе де 2018 жылдың көктемімен салыстырғанда шиномонтаж қымбатырақ: 15 немесе 16 дюймдік доңғалақтар орташа алғанда 3-3,5 мың теңгеге аралығында. Айта кету керек, бұл 55%-дан астам профилі бар қаптамалар жайында.


Ең қымбат қызмет құны Астана және Алматы қалаларында тіркелді. Диск көлеміне байланысты баға 4400-6000 және 4300-5250 теңге аралығында болады.


Ал Өскеменде доңғалақ ауыстру 3100 теңгеден басталып, 5800 теңгеге дейін жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив