Үшбұлақ ауылындағы көпір жөнделді – ШҚО
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Күршім ауданының Үшбұлақ ауылындағы шағын көпірге өткен түнде қарғын су жайылған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жергілікті атқарушы орган мен жедел қызмет өкілдері, орман шаруашылығының қызметкерлері бірлесіп қарғын судың бетін қайтарды. Қазір көпірді тасқын су бұзуы мүмкін деген қауіп жоқ.
«Таңғы сағат төрт кезінде арнайы техника қозғалып, жөндеу жұмыстары басталған. Он бір жарымға дейін көпір толығымен қалпына келтірілді», - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз