Сол жағалаудағы медициналық пункттің ғимараты келесі жылы жөнделетін болды - Өскемен
Өскемен қаласындағы пешпен жылытып отырған емхана жайлы ақпарат БАҚ-да шыққаннан кейін, жергілікті тұрғындардан маза кетті.
Құзырлы органдардың тексеруінен кейін медициналық мекеме санитарлық талаптар сай келмей, сол жағалау атты шағын аудандағы жалғыз медициналық пункт жабылып қалса, қайда барып емделеміз деп отыр.
Бүгінде Өскемен қаласының №2 қалалық емханасына қарасты сол жағалаудағы медициналық пункт 5 мыңға тарта адамға қызмет көрсетеді. Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін медициналық мекеменің ғимараты жекеменшіктің қолында болған. Қазір №2 қалалық емхананың қарамағына қайта берілген.
Оқи отырыңыз