KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
522.38 612.6 6.54

Алтай ауданында шалғай ауылдарды интернетке қосудың балама нұсқалары қарастырылуда 

11.12.2025, 13:00 43

Алтай ауданында халықтың 97,2% - на интернет қолжетімді. Алайда, кейбір елді мекендерде, соның ішінде Пролетарка, Подорленок, Сажаевка, Ермаковка, Бородино, Алтайка, Баяновск, Орловка, Снегирево, Кремнюха, Александровка ауылдарында байланыстың жоқтығы немесе сапасының төмендігі туралы тұрғындардан шағымдар түсуде, деп хабарлайды Altainews.kz.

– Быково ауылында бюджет қаражаты есебінен антенна-мачталық құрылыстар жасақталып, іске қосылды. Қазіргі уақытта мобильді интернет қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін 20 желтоқсанға дейін қажетті жабдықты қосу жұмыстары жүргізілуде, байланыс операторы - "Кар Тел" ЖШС, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Қалған 13 ауыл бойынша жұмыстар "Қолжетімді интернет" Ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторларымен ынтымақтастықта кезең-кезеңімен іске асатын болады.

Сонымен қатар, ауылдарды басқа спутниктік технологияларды қолдана отырып интернетке қосудың балама нұсқалары және әр нақты аумақтың ерекшеліктеріне және қол жетімді технологияларға байланысты жергілікті желілік шешімдерді құру қарастырылады.

Ауданның 23 мектебінде жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз ету үшін "Starlink" жиынтығы орнатылған. 

Жолдарда байланыстың болмауы ерекше проблема болып қала береді, бұл, әсіресе,Алтай ауданының туристері мен жергілікті тұрғындары үшін өзекті. Бүгінгі таңда алты координат бойынша сегіз антенна-діңгек құрылысына оң сараптамалар алынды. Қаржыландыру туралы бюджеттік өтінімдер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданды.



Айым Кесембаева

Айна Бакимбаева 

Фото: Махаббат Ахметжанова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу