KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Қазақстанда некеге үш күнде тұруға болады

16.01.2019, 05:08 137

Алдағы уақытта некеге тұру үшін бір ай күтудің қажеті болмайды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жаңа заң жобасын әзірлеуде. Заң жобасы бойынша, бірқатар қызметтер оңтайландырылмақ, оның ішінде некеге тұру мерзімі қысқартылады екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы министр Дәурен Абаев үкімет отырысында мәлім етті.


Жаңа заң жобасы 43 заң мен 10 кодекске 500-ден астам өзгеріс енгізеді. Сондай-ақ, ол 121 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға бағытталған.


Министрдің айтуынша, некеге тұру бойынша қызметті оңтайландыру жоспарланып отыр. Заң жобасы қабылданған соң, некеге тұру мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқарту мүмкін болады.


Одан бөлек, салық төлеушілерге артық төленген соманы автоматты түрде қайтару да қарастырылған екен.


Сонымен қатар, бір ғана нормативтік акті арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі де реттелмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив