Елбасы әкімдерді Шығыс Қазақстаннан үлгі алуға шақырды
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақ әкімдерін Шығыс Қазақстан облысынан үлгі алуға шақырды. ШҚО-да Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарттарына сай жабдықталып, толық жасақталған 277 мектеп бар екен. Бұл туралы Елбасы бүгін өткен кеңейтілген үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі matritca.kz сайтына сілтеме жасап.
-Бұл мектептерде бірден білім сапасы жоғарылады. Әкімдерге аталған үлгі бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын. Олар қарауындағы аймақта тәртіп пен адамдардың қанағаттылығын қамтамасыз етуге тиіс. Барлық мектептерді толыққанды интернетпен, сондай-ақ, мектеп көлігімен қамтамасыз ету қажет, - деді президент.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің еңбекақыларының көтерілгені туралы мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, 200 мың мұғалімнің еңбекақысы 30%-ға, 34 мың мұғалімнің еңбекақысы 50 пайызға көтерілген екен.