KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
443.03 480.38 4.91

Мұғалімдер бес-ақ қағаз-құжат толтыратын болды

22.08.2018, 08:29 195

Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 қағаз-құжаттың тізімі бекітілді. Басқа құжаттарға мұғалімдер жауапты болмайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Жаңа оқу жылының қарсаңында мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар қабылданды. Біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері мұғалімдерді үй аралатудан алып тастадық. Мектептің рейтингі де алынды. Енді министрлік мұғалім жұмысын жеңілдету үшін өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттар тізбесін алғаш рет бекітті. Бар болғаны бес құжат. Одан басқа мұғалімдерден ешқандай қағаз, құжат сұралмауы тиіс, – деді Ерлан Сағадиев.


Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдері толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімін айтып берді. Олар: күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы.


– Жалпы, күнделік пен журнал бойынша қазір цифрландыру жүріп жатыр, – деп атап өтті А.Аймағамбетов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив