KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Димаш Құдайберген интернеттегі дауыс беру дауына қатысты өз пікірін айтты

18.01.2019, 03:13 105

Димаш Құдайберген Ranker.com. сайты жүргізген «Дәуірдің Ұлы әншісі» атты сауалнамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұған дейін белгілі болғандай, сауланама аяқталауға екі-үш сағат қалғанда Димаш Фредди Меркьюриге ғана жол беріп, рейтингтің екінші сатысында тұрған. Ал рейтинг қортындысы шыққан кезде әншіміз тек 369-орыннан ғана табылды. Осы жағдайға қатысты Instagram желісінде пікір қалдырған Димаш, сауалнаманың ештеңе шешпейтінін атап өтті.


– Қымбатты достар! Мен бүгін қандай да бір америкалық сайтта сауланама жүргізілгенін және онда менің де есімім бар екенін білдім. Баршаңызға қолдау көрсетіп, дауыс бергендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бірақ бұл сауалнаманың ешқандай конкурсқа, марапатқа немесе телевизиялық жобаға қатысы жоқ. Бұл бар болғаны интернет сауалнама және ол ештеңе шешпейді. Қашан, қай жерде болмасын маған және менің Қазақ еліме деген махаббаттарыңызды танытып жүресіздер, сол үшін көп рахмет. Сіздер сияқты шығармашылығымның шын жанкүйерлері болғаны үшін бақытымын. Мен сіздердің табынушыларыңызбын. Welcome to Kazakhstan! Мен сіздерді жақсы көремін! – деп жазды Димаш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив