KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Головкин әлемнің ең танымал 100 спортшысының қатарына енді

20.03.2019, 04:41 203

 

Головкин ESPN нұсқасы бойынша әлемнің ең танымал 100 спортшысының қатарына енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN спорт арнасының сараптамасы бойынша әлемнің ең танымал жүз спортшыларының қатарына енді. GGG 78-ші орында. Бұған дейін отандасымыздың аталмыш рейтингіде 61-орында болғанын айта кетейік.

 

Рейтингті құрастыру кезінде спортшылардың жарнамалық келісімшарттардан түскен табысы да ескерілді. Осылайша, Головкиннің жылдық табысы 2 миллион долларды құрап отыр.

 

Бұл рейтингіде мексикалық боксшысы «Канело» Альварес жарнамадан түсетін 2 жарым миллион доллар көлеміндегі табысымен 68-ші орынға тұрақтады.

 

Ең танымал спортшылардың алғашқы үштігін: Криштиану Роналду, Леброн Джеймс және Лионель Месси түгендеп тұр.

 

Сондай-ақ, The Ring американдық журналының жаңартылған рейтингінде Головкин бесінші орыннан алтыншы орынға түсіп қалды. Бірінші орында украиндық Василий Ломаченко, екінші орында Теренс Кроуфорд, үшінші орында – Сауль Канело Альварес.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив