KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Марафоншылар Ақсуат пен Ырғызбай әулие кесенесі арасындағы 85 шақырымдық жолмен жүгіріп өтті.

29.12.2021, 11:19 185

Тұғырлы Тарбағатай ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын айрықша дайындықпен қарсы алып, өнегелі іс-шараларды қолға алған. Соның бірі - Тәуелсіздік марафоны. Аталған марафон биыл осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Марафоншылар 85 шақырымдық жолды жаяу жүгіріп өткен.

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және келер жылы толатын Қазақ халқының қаһарман ұлы, бас сардар Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай 85 шақырымдық дәстүрлі III эстафеталық "Тәуелсіздік марафоны" ұйымдастырылды. Марафоншылар Ақсуат пен Ырғызбай әулие кесенесі арасындағы 85 шақырымдық жолмен жүгіріп өтті. Шараға 30-дан астам ауыл тұрғыны қатысқан. Марафонға қатысқан спортшыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар таратылды. Биылғы марафондағы ерекшелік -

қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен, шайқастарда 103 рет жекпе-жекке шығып, бәрінде жеңіске жеткен Қаракерей Қабанбай батырдың алдағы 330 жылдығы құрметіне арналған.

- Біздің осындай сайыс-тарды өткізудегі мақсатымыз - жас-тарды қолдау, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, жамағаттардың бірлігін бекемдеу. Ерекше айта кететіні - марафонға жастар көп қатысты. Шараның шарты бойынша марафоншылар арнайы киімдер киіп, қолдарына ту ұстап жүгірді, - дейді "Барқытбел-несие" серіктестігінің басшысы Саят Садуанов.

Марафон негізінен бұқаралық спортты насихаттаумен қатар жастарға Тәуелсіздіктің қадірін сезіндіруді, рухын көтеріп, жігерін оятуды мақсат еткен. Бір қуантарлығы дәстүрлі марафонға қатысатын жастарымыздың саны жылдан-жылға көбеюде. Бұл Тәуелсіздікке деген айрықша құрметті аңғартса керек.

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанның бес облысы мен төрт мемлекетті басып өтіп, бірнеше мың шақырымды артқа тастап, Мекке-Мадинаға жаяу жүгіріп барған әйгілі марафоншы Дулат Иманқажының да осы шараға келуі Тәуелсіздік марафонының абройын асқақтата түскендей.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив