Дәрігер екпе алуға кеңес берді
Фото: Аяужан Утеулинова
Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің конференц залында облыс тұрғындары арасындағы көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты журналистерге арналған брифинг өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Брифингті аталмыш департамент басшысының орынбасары Сауле Сләмғазина жүргізіп, 2024 жылғы 4-ші желтоқсандағы жағдай бойынша мәлімет берді. Осы уақытқа дейін облыс аумағында көкжөтелдің 117-жағдайы расталып тіркелген болса, оның қарқынды көрсеткіші 15,9 % құраған. Оның ішіндегі 115 жағдай 14 жасқа дейінгі балаларға (73,15%). тиесілі екендігі эпидемиолог дәрігерлерді алаңдатып отырған көрінеді.
Нақтылап айтар болсақ, көкжөтелмен ауырғандар Өскемен қаласында 94, Ұлан ауданында 9, Глубокое ауданында 4, Зайсан ауданында 3 жағдай, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында 2 жағдайдан, Риддер қаласы мен Күршім және Алтай аудандарында 1 жағдайдан тіркелген екен.
Көкжөтелге шалдықты - деп ресми түрде тіркелген 145 баланың ішінде 93 бала екпе алмаған екен. Оның ішінде екпе жасына жетпегендер - 9, медициналық қарсы көрсетілімдер - 28, екпеден бас тартқандар саны - 47, екпені өткізіп алғандар - 9. Үш науқастың егу мәртебесі белгісіз. Өткен жылмен салыстырар болсақ, 2023 жылы расталған көкжөтелдің 3-жағдайы тіркеліп, қарқынды көрсеткіші 0,4% құраған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай (1,9%).
Аурушаңдық жағдайлары Күршім ауданында және Өскемен қаласында тіркеліпті. Көкжөтелмен ауырғандар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген.
Серік Құсанбаев