KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, С
502.83 545.37 5.95

ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар

Кеше, 17:49 83 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 20-24 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі күшейеді. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мекемесінің ШҚАПБ филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мамандар қар жамылғысының тұрақсыз екенін ескертіп, осы кезеңде тауға шықпауға кеңес береді. Қар көшкінінің жүру қаупі әсіресе автомобиль жолдарына әсер етуі мүмкін. Сондықтан жол бойында тоқтамау және қауіпті аумақтан мүмкіндігінше жылдам шығу маңызды. Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет,- делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу