KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Өскеменде баспана кезегінде тұрғандар үйлі болды

16.12.2020, 12:37 103

Тәуелсіздік күніне орай, 19-шы тұрғын ауданындағы Әл-Фараби көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің тұрғындары қоныс тойын тойлайды
Бұл  үйлер мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған.
Салтанатты жиынға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қатысып, пәтер иелеріне кілт табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады. 

- Биылғы жылы біз мемлекеттік бағдарламалардың арқасында пәтерлердің рекордтық санын бердік, - деді облыс орталығының басшысы. - Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады

Биыл 700-ден астам отбасы жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болды, оның ішінде: балалар үйлерінің 124 түлегі және 320 көп балалы отбасы. Қазіргі уақытта 19-шы тұрғын ауданда жалпы ауданы 600 мың шаршы метр болатын 80-нен астам көп қабатты тұрғын үй салынды. Іс жүзінде қазір мұнда 20 мыңға жуық адам тұрады.

WhatsApp Image 2020-12-16 at 12.33.56.jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу