KZ
Өскемен
-24°
туман Штиль
520.27 537.65 5.24

«Нысан бір жарым айда дайын болады» деген әкім уәдесінде тұрды – Өскемен

20.06.2022, 12:36 220

Осыдан бір жарым ай бұрын Өскемен әкімі Жақсылық Омар қаладағы Назарбаев даңғылы, 21 мекенжайындағы салынып жатқан хоккей қорабының құрылысымен танысып, «нысан алдағы бір жарым айда дайын болады» деп тұрғындарға уәде берген болатын.

Арада бір жарым ай уақыт өтті. Мердігерлер келісілген уақытта футбол және хоккей алаңын аяқтауға жақын қалды. Қала әкімі бұл жолы да нысанның қалпына келтіру жұмыстарын бақылап, көріп қайтты.

Кеңес заманынан бері бар аталмыш алаң «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына еніп, қаржы бөлініп, жұмыс басталған. Бір қызығы, бұл нысанда қыста хоккей, жазда футбол ойнауға болады. Ол үшін арнайы жасанды газон төселді. Алаң ҚХЛ стандарттарына сәйкес қайта құрылып жатыр.

Құрылыс барысында жобаға кейбір өзгерістер енгізілген: командалар үшін арнайы орындықтар пайда болады, периметрі бойынша толық қоршау жасалады.

- Бұл хоккей қорабына көңіліміз толуда, - дейді тұрғындардың бастамашыл тобының өкілі Наталья Купцова. - Біздің аула тұрғындары өте ұйымшыл, бірлігіміз жарасқан. Сондықтан алаңның жағдайын өзіміз бақылаймыз. Ұсынысымызды қолдаған қала басшылығына алғысымыз шексіз. 

WhatsApp Image 2022-06-20 at 09.38.17.jpeg

Қыста аула тұрғындары мұзды өздері құяды. Ол үшін Пәтер иелерінің кооператиыі жертөледен құбырларға су жіберетін арнайы жер бөліп, жарықтандырды. Ал қазір футбол ойнау үшін жасанды газон төсеп жатыр. Барлық жұмыстар маусым айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу