KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Бүгін – Абай күні

Фото: Тілеубек Шаяхмет

10.08.2023, 09:07 494 Оразай Жеңісұлы

Бүгін қазақ елі Абай күнін атап өтеді. Бұл күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы – Абайдың 175 жылдық мерейтойында белгіленген еді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазақтың ұлы ақыны, ұлттық жазба әдебиеті мен әдеби тілдің негізін салушы, ағартушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы әуелде ауыл молдасынан білім алған. Сол кезде-ақ зеректігімен көзге түскен бала шәкірт Семей қаласында үш жылдық медреседе тәрбие алады.

Абайдың әкесі Құнанбай – қарадан шыққан хан атанған, ел басқарған кісі. Ұлын ел ісіне баулу үшін де оқудан ерте шығарып алған көрінеді. Алайда Абай оқудан мүлде қол үзген емес. Бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің шамшырағы Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули секілді ақындардың өлеңін жаттап өседі. Кейін орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов шығармаларымен танысады. Сонымен бірге Шекспирдің шығармаларын да оқиды.

Ақынның өз кіндігінен он бала тараған. Бәйбішесі Ділдәдан: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман): Тұрағұл, Мекәйіл, Ізкәйіл, Кенже.

Абайдың сөзі Алаштың үні десек, артық болмас. Ұлы ойшыл өмірден өткеннен соң Әлихан Бөкейханұлының ақын шығармаларын жинақтап, басып шығаруға күш салуы да осыны айғақтайды. Ал ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы Абайға «Қазақтың бас ақыны» деген мәңгілік мәртебе берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу