Шығыс Қазақстанда Республика күні кеңінен аталып жатыр
Мемлекеттік наградаларды тапсыру, өңірдің еңбек сіңірген қайраткерлерін құрметтеу, әлеуметтік нысандарды ашу және атақты әртістердің қатысуымен өтетін концерттер – еліміздің Шығысындағы Республика күні жалпыұлттық мерекесі аясында өтіп жатқан іс-шаралардың бір бөлігі ғана.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Шығыс Қазақстан облысының бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында түрлі жастағы алуан кәсіптің өкілдері – дәрігерлер, инженерлер, құрылысшылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері бар. Бірақ олардың барлығын туған ел игілігі жолындағы жанқиярлық еңбек біріктіреді.
Сонымен қатар Республика күні қарсаңында облыс орталығында Family island-2 заманауи балабақшасы ашылды. Балабақша Өскемен қаласындағы жаңа шағын аудандардың бірінде орын тепкен.
Өскемен әкімдігінде атап өткендей, Family island-2 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылып отыр.
Мұндай жобаларды жүзеге асырудың маңызын облыс әкімі Ермек Көшербаев та атап өтті.
Мерекенің шарықтау шегі "OSKEMEN RUN" іс-шарасы болды, оған қатысушылар "Қазақстан" тауына жүгіріп шығудан жарысты. Мемлекеттік рәміздер тауына көтерілуі арқылы облыс орталығының тұрғындары өздерінің ауызбіршілігін, отансүйгіштігін және салауатты өмір салтына деген құштарлығын танытты.
Бағдарлама соңында қаланың шығармашылық ұжымдары мен отандық эстрада жұлдызы Qanay қатысатын кешкі концерт жоспарланған.