Көлігіне сиыр тиеп алған ұры ұсталды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тарбағатай ауданындағы тас жолдың бірінде, көліктің кузовында тірі сиыр болған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Кейінірек анықталғандай, бұл жануарды шаруа қожалықтарының біріне тиесілі, еркін жайылымнан ұрланғаны анықталды, ал мал иесі тіпті, оның ұрланғанын да білмеген.
«Мал ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.