KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Силумин Восток» өндіріс өрісін кеңейтеді - ШҚО

29.02.2024, 11:56 96 Оразай Жеңісұлы

Бұл энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, сумен жабдықтау және су бұру, инфрақұрылым саласындағы өнеркәсіптік жабдықтарды өндіретін және жеткізетін ірі инжинирингтік компания. «Силумин-Восток» ЖШС Қазақстан нарығында 19 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 400-ге жуық қызметкер бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов пен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов аталмыш кәсіпорынға барып өндірістің қуаттылығын байқап көрді. Сондай-ақ кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары мен бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары талқыланды.

– Біз кешенді жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Өндіріс алаңына айына, орта есеппен, 500 миллион теңгенің өнімін шығарамыз. Бұл жылына алты миллиард деген сөз. Біздің өнімдеріміз стандартты емес, тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес түрлендіріп отырамыз. Бұған электротехникалық өнімдер, автоматтандыру жүйелері және оның компоненттері, құлыптау және реттеу арматурасы, сорғы станциялары, тоңазытқыш жабдықтары кіреді. Өткен жылдан бері елімізде бұрын-соңды өндірілмеген бақылау-өлшеу аспаптары шығарып жатырмыз. Біз, ең алдымен, тау-кен кәсіпорындарының қажеттілігіне назар аударамыз, – «Силумин-Восток» ЖШС Бас директоры Олег Фроимчук.

Кәсіпорын жоғары технологиялық жабдықтар спектрін кеңейтуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтсақ, мұндағы мамандар монометрия құралы – жоғары интеллектуалды қысым датчиктерін шығаруды көздеп отыр. Қазір кәсіпорын басшылығы Siemens компаниясымен РН-метрия және мүмкін болған жағдайда термометрия датчиктерін шығаратын желіні сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

– Біз автоматтандыру бойынша 90 пайыз өз өндірісіміздегі жабдықты пайдалана отырып кез келген нысанды қамтамасыз аламыз.  Өндіріс құралдары метрологиялық бөлшектермен жабдықталғанын айта кеткен жөн. Тексеру аралығының уақыты ұзағырақ болғанымен, қызмет сапасы жақсырақ болады. Сондай-ақ құрғақ трансформаторларды өндіруге арналған жабдық та сатып алынды. Біз мұны клиенттеріміз үшін жасайтын жобаларға пайдаланамыз, – деді Олег Фроимчук.

Өндірісті одан әрі кеңейту үшін бірқатар түйінді, соның ішінде электр және сумен жабдықтау мәселесін шешу қажет.

– Электр энергиясын пайдалану ережесі деген бар.  Қосалқы станцияда қуат резервінің бар-жоғын қарап көреміз. Мәселе электр желілері мен олардың қуаттылығында. Егер желілердің қуатын күшейту мүмкін болса, біз «Біріккен ЭнергоСервистік компания» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында немесе бюджет қаражаты шеңберінде бұл мәселені қарастырамыз. «Бизнестің жол картасы» бойынша, субъект жаңарту туралы шешім қабылдаса, қажетті инфрақұрылымды бизнес объектісіне жеткізуге болады. «Силумин-Восток» ЖШС кәсіпорынды кеңейту жоспарын жүзеге асыруға құқылы, –  деді энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Сондай-ақ басқарма басшысы өңірде көптеген инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанын, атап айтқанда, жылумен жабдықтау жүйесі мен электр станцияларын жаңғырту мәселесіне көп көңіл бөлінетінін атап өтті. «Силумин-Восток» ЖШС жөндеу науқанына қажетті жабдықтар мен компоненттер шығаратындық, бұл жергілікті өндірушіге баса назар аударылады.

Фото: В.Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив