Төрт ауданда автобекет ашылады - ШҚО
Қазір Күршім, Катонқарағай, Көкпекті және Глубокое аудандарының тұрғындары автобустарды қай жерде жүргізушіге ыңғайлы, сол жерде күтуге мәжбүр.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысында Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшылығына жыл соңына дейін осы төрт ауданда автобекет мәселесін шешуді тапсырды. Ол үшін ақшаға сатып алу келісімімен салынған үйлер пайдаланылмақ.
Олардың ауданы, шамамен 200 шаршы метрді құрайды, бұл жолаушыларға ауданаралық және өңіраралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды күтуге қолайлы жағдай жасау үшін жеткілікті.
Оқи отырыңыз