KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

Алакөлде жыл сайын болатын музыкалық фестиваль биыл өте ме?

28.06.2021, 10:27 156

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді

Аймақ билігі Алакөлдегі демалысты өркениетті етуге ниетті, сондықтан ескі инфрақұрылымға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тамақтану орындарын орналастыру схемасы қайта қаралды.

«Жағалауда 347 кәсіпкерлік нысан демалушыларға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Алакөлдегі арбатта демалушыларға кедергі болмауы үшін тамақтанатын және кәуап дайындайтын орындарға арнайы жерлер берілді. Демалыс өркениентті деңгейде болуы тиіс. Алакөлдегі туризм деңгейін көтеріп, демалушылар ерекше әсер алу үшін биыл «ALAZONE ARENA» іске қосылмақ. Бұл жер Баку қаласындағы «Жары» сияқты халықаралық фестиваль өткізетін алаңға айналады», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 

Сонымен қатар, Даниал Ахметов жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдерін жеткізуге байланысты «көлеңкелі» экономиканы шешуді тапсырды. «Сауданың барлық ережелерін сақтау қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, әкім көлге іргелес аумақта электр беру желілері мен су құбыры тартылып жатқанын, демалушылардың қауіпсіздігіне жауапты қызметтер үшін әкімшілік ғимараты салынып жатқанын айтты. Қазір онда су түбін тазарту жұмыстары жүргізіліп, құтқарушылар мен полиция кезекшілік етуде.

Алакөлдегі 163 қонақ үй мен демалыс базаларының 94-і «ASHYQ» жүйесін қосқан. 900 қызметкердің 80%-ы коронавирусқа қарсы екпе салдырды.

«Өткен жылдағыдай Алакөлді COVID-19-дан таза әрі еркін аймаққа айналдырғымыз келеді. Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылы жағалауда бірде-бір инфекция тіркелген жоқ», - деді Д.Ахметов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу